Владимир Путин мен Александр Лукашенко кездеседі

Ресей Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, екі ел басшылары дәл қай күні кездесетіні әлі белгісіз. Президенттер телефон арқылы Беларусьтегі жалпы жағдайды талқылады. Оған қоса, Ресей басшысы Беларусь Республикасы Президенті Александр Лукашенконы туған күніне құтты болсын айтты.

Ресей-белорусь одағы одан әрі нығаятыны және өзара тиімді ынтымақтастық барлық салада кеңейетіні расталды, — делінген Кремльдің баспасөз қызметінде.

Бұған дейін Владимир Путин Беларусь Республикасындағы президент сайлауы нәтижесі заңды екенін мойындайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Ресей одақтас мемлекет ретінде өз міндетін орындауға дайын және Беларусь Республикасындағы жағдай бейбіт жолмен шешіледі деп болжайды.

Айта кетейік, Беларусь республикасындағы 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін оппозиционерлер жаппай наразылыққа шыққан еді. Сайлауда осыған дейін де Президент болған Александр Лукашенко жеңіске жетті.

Алғашқы күндері қауіпсіздік сақтау қызметкерлері наразылық білдірушілерді күшпен тоқтатуға тырысты. Одан кейін құққ қорғау органы қызметкерлері митингіні таратуды тоқтатты. Басында наразылыққа шыққан 6 700-ден аса адам ұсталды. Республиканың Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздік кезінде жүздеген адам зардап шеккенін, наразылыққа шыққан үш адам қаза тапқанын хабарлады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да