Студенттер 1 қыркүйектен бастап қалай оқиды?

БАКАЛАВРИАТ. 1-КУРС

  • Күзгі семестр қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады.
  • Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шара онлайн режимде өтеді.
  • 1 курс студенттері үшін 24 тамыздан бастап ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін онлайн режимде бағдарлау апталығы өткізіліп жатыр.
  • Оқу құралдары және интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.

БАКАЛАВРИАТ. 2-4-КУРС

  • 2-4-курс студенттері үшін оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап ЖОО-лар өз студенттері үшін онлайн таныстыру кездесулерін өткізіп жатыр.
  • Оқытуды педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша толық қашықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады.
  • Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.
  • Офлайн режимде өткізілетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына хабарласу керек.
  • Оқу құралдары және Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.

МАГИСТРАТУРА

Магистранттар 14 қыркүйектен бастап қашықтан оқиды.

  • 31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;
  • 5 қыркүйекке дейін грантқа өтініш қабылданады;
  • 7 қыркүйекте гранттарды тағайындау бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау жоспарланып жатыр;
  • 8 қыркүйектен бастап ЖАО (әкімдіктер) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдана бастайды;
  • 11 қыркүйекке дейін ЖОО-ға қабылдау үшін өтініштер қабылданады;
  • 2 курс магистранттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру магистранттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.
  • Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитария шараларын сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.
  • Осы кестені нақтылау үшін магистранттар өздерінің ЖОО-ларына хабарласуы керек.

ДОКТОРАНТУРА

  • Докторанттар 1 қыркүйекте қашықтан бастап оқиды.
  • 1-курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі.
  • 2-3-курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру докторанттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.
  • Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитария шараларын сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.
  • Осы кестені нақтылау үшін докторанттар өздерінің ЖОО-ларына хабарласуы керек.

ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА

  • Интернатура мен резидентурада оқыту күндізгі қашықтан оқыту форматында жүзеге асырылады.