Коронавирусқа қарсы вакцина: Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды

ҚР Үкіметі делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегация Ресей Үкіметі өкілдерімен кездесулерде COVID-19 вакцинасын сатып алу және қолдану мәселелерін талқылады.

вакцина
Фото: Primeminister.kz

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатысынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара келісімге қол қойды.

Қазақстан үшін қажетті көлемді Николай Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын. Қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және вакцина барлық клиника сынағынан өткеннен кейін ғана мүмкін болады.

вакцина
Фото: Primeminister.kz

Айта кетейік, 11 тамызда Ресей COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина тіркегенін хабарлады. Бұл туралы Владимир Путин мәлімдеді. Ол Мәскеудің Гамалея институты әзірлеген вакцина қауіпсіз екенін және оны қыздарының бірі қабылдағанын айтты.

12 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді коронавирусқа қарсы дүниежүзіндегі ең бірінші вакцинаның тіркелуімен құттықтап, жеделхат жолдады.