Алексей Цой: Тіркелместен жұмыс істегендер заң бұзған боп есептеледі

Қызметін қайта бастайтын орындар Infokazakhstan.kz порталы арқылы тіркеуден өтуі қажет.

Санитария талаптарына сәйкес актіні хабарлама түрде алу 3 қадамнан (сайтқа кіру, бас санитар дәрігердің қаулысын жүктеу, электрон цифрлық қолтаңбамен танысуды куәландыру, әзірлік туралы акт алу) тұрады. Актіні басып шығарып, кіре берісте немесе көрінетін жерге орналастырылуы керек.

Бизнестің санитария қауіпсіздігі талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Өйткені бұл талаптар Кәсіпкерлер палатасы базасында кеңінен талқылаудан өтіп, қабылданды. Айта кету керек, бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, біз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 90%-іне дейін хабарлама жасауға келістік. Мұндай жағдайда бизнес санитария талаптарын қатаң сақтауға кепілдік береді. Тікелей тексеруші келмегенімен, қоғамдық қадағалау, кез келген келуші құқық бұзу туралы ақпаратты бақылаушы органдарға жібере алады. Мамыр айында карантин аяқталғаннан кейін болған жағдай бизнестің санитария талаптарын сақтауы өте маңызды екенін көрсетті, өйткені мұндай нысандарда халық көп жиналады, — деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Кәсіпкерлер арасындағы талап бұзушылықтың алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейді. Сонымен бірне Infokazakhstan.kz сайты аясында санитария талаптарының бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу мүмкіндігі бар.

Кәсіпкерлік қызметті Www.infokazakhstan.kz порталында тіркемей қайта бастау — бұл заң бұзу екенін ескерткім келеді.  Кәсіпкерлерді осы порталдың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, ол қосымша құжат толтырудан босатады,  10 минут ішінде өтініi жіберуге мүмкіндік береді. Санитария қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, біз бірге аурушаңдықты төмендету бойынша оң трендті сақтауға үлес қосамыз, — деді министр Алексей Цой.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, автосалон, балаларға білім беру мекемелері және тағы басқа бірқатар бизнес объектілерінен шектеулер алынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да