COVID-19-бен күресуде науқастарды жатқызатын орындарды көбейту қажет екеніне байланысты салынып жатқан арнайы әлеуметтік Қызмет көрсету орталығының ғимаратын 500 төсек-орынға арналған бірінші эшелонның инфекция стационары ретінде қайта бейімдеу туралы шешім қабылданды. Барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр Нысанды бір айдан кейін тапсыруды жоспарлап отырмыз, — деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында.
Әкімнің айтуынша, жаңа госпиталь барлық қажет заманауи жабдықпен және медицина газдарымен жарақтандырылатын болады. Кадрларды даярлау жүргізіліп жатыр. Мұнда госпитальдың науқастары емдеу-диагностика көмегін толық көлемде ала алады.
