Басты бетЖаңалықтарДДҰ: Коронавирус...

ДДҰ: Коронавирус инфекциясы ауа арқылы тарауы мүмкін

ДДҰ ұйымға COVID-19-дың таралу жолдары туралы өз деректерін қайта қарауға шақырған 200-ден астам ғалымның өтінішіне жауап берді.

Біз COVID-19 ауадағы аэрозоль арқылы таралуы мүмкін екенін айтып отырмыз, — деді брифингте коронавирус пандемиясы бойынша ДДҰ техникалық жетекшісі Мария Ван Керхов.

Бұған дейін ұйым инфекция коронавирус жұқтырған адам түшкіргенде не жөтелгенде аузынан және мұрнынан бөлінетін тамшылар арқылы тарайтынын айтқан еді.

ДДҰ инфекциялардың алдын алу жөніндегі техникалық басшысы Бенедетта Аллегренци коронавирустың ауа арқылы жұққаны туралы деректердің пайда болғанын айтты, бірақ соңғы шешімді шығару әлі ерте.

Вирус адамдарға қоғамдық орындарда, адам толы, жабық, нашар желдетілетін жерлерде ауа арқылы жұғуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен дәлелдерді жинау және түсіндіру қажет. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз, — деді ол.