Талдықорғанда Абайдың 175 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Онлайн конференцияға «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Шойынбет, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Абайтану» орталығының ғылыми қызметкері Мақсат Әліпхан, жазушы, әдебиет зерттеушісі Елдос Тоқтарбай, жазушы-драматург Әлібек Байбол, Шығыс Қазақстан облысы Абай атындағы әмбебап кітапхана директорының кітапхана орынбасары Гүлмира Аязбаева қатысты.

Абай 175 жылдығы, конференция
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Алматы облысында бірқатар мәдени шара қолға алынған. «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында аймақтағы 278 кітапхананың қатысуымен «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» виртуал кітап көрмесі, Абай өлеңдерін оқудан поэтикалық марафондар, жастар арасында Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтудан челлендждер, Абай оқулары шаралары өткізіліп жатыр. Сонымен қатар Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Жетісу жазба ақындарының арасында «Абайға арнау» мүшәйрасы ұйымдастырылып, сайыс қортындысы бойынша іріктелген 178 өлең «Адамзаттың Абайы» атты өлеңдер жинағына еніп отыр.