COVID-19 инфекциясын анықтау үшін кейінгі тапсырған сараптамадан соң қатаң оқшаулау режимінде болдым, дәрігерлердің барлық талабын орындадым. Бұл шаралар денсаулығыма оң әсер етті, коронавирус анықтайтын екінші сараптама теріс нәтиже берді, — деп жазды ол.
Ермақ Сәлімов бүгіннен бастап жұмысын жалғастыратынын жазды. Сонымен бірге қолдау көрсеткен барлық жерлесіне алғыс айтты.
Семей әкімі COVID-19 жұқтырғанын 1 шілде күні хабарлаған еді.
