Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы жеті науқас қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, аурудан қайтыс болғандар — 1961 жылы, 1941 жылы, 1959 жылы, 1946 жылы, 1951 жылы туған ер азаматтар және 1971 жылғы, 1958 жылғы әйел адамдар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл науқастарды коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Осылайша, елімізде барлығы 147 адам қайтыс болды. 25 маусым қорытындысы бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны — 19 750, 12 220 адам жазылып шықты. Коронавирустың симптомсыз түрі 13 560 адамнан анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да