Басты бетЖаңалықтарДемалыс күндері...

Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде күн суытады

Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклон қызметі аймағында болады. Солтүстік циклондар сериясы әсерінен солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын мол жауып, күн айтарлықтай суытады.

Республиканың солтүстік жартысында түнде температура 2-10 градусқа дейін жоғарылап, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді. Атмосфера фронттары өтуіне байланысты жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.