Мамырдың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Мамандардың мәліметінше, айдың соңғы күндері өткінші жаңбыр жауады.

Архангельск ауданынан келетін антициклон республиканың көп бөлігіне ықпалын тигізіп жатыр. Ауа райы жауын-шашынсыз болып, ыстық басылады. Кезеңнің соңында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.

Оңтүстікке Иран аудандарынан жылы ауа массасы ауып, ыстық әрі құрғақ ауа райы орнайды. Оңтүстік пен батыстың кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да