Нұр-Сұлтанда коронавирустың 14 жаңа дерегі қалай анықталды?

Оның айтуынша, науқастардың бесеуі стационарда, инфекция блогында болған. Төртеуі Италия мен Оңтүстік Кореядан келген. Бұлардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Тағы бір пациент бұрын жедел респиратор вирус инфекциясы диагнозымен стационарда болған, коронавирус инфекциясы оны қосымша тексеру кезінде анықталды. Ол қазір орташа ауыр жағдайда.

Қалған тоғыз науқас эпидемиология ахуалы нашар елдерден келген азаматтарды және солармен қарым-қатынаста болғандарды бақылау кезінде анықталды. Сәуле Қисықованың айтуынша, олар қанағаттанарлық жағдайда.

Қазір Нұр-Сұлтанда барлығы 16 пациент емделіп жатыр, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы олардың бәрі Қазақстан азаматы екенін және арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ екенін нақтылады.

Қазіргі кезде Нұр-Сұлтандағы науқастармен қарым-қатынаста болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтау жалғасып жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың қатары бірден 14 адамға көбейіп, 27-ге жеткенін 17 наурызда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлаған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да