Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдік қызметкерлері қарттардың үйіне барып, азық-түлік себеттерін табыстап қайтты.
Қариялар соғыс жылдары басынан кешкен ауыр күндер жайында баяндады. Қонақтарға бейбіт өмірдің бағасын біліп, бір-бірін қадірлеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қажеттігін де ескертті.
Надежда Кравченко 1925 жылдың 10 қыркүйегінде туған, Ақсай-4 ықшамауданының тұрғыны. Таисия Рыбалко 1923 жылдың 31 мамырында дүниеге келген. Қазір №11 ықшамауданында тұрады.
