30-дан астам елорда кәсіпорны борышкерлерге жұмыс ұсынады

2019 жылы 3 маусымда сағат 10.00-де «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан прокуратурасының бастамасымен Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және  Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отырып, алимент бойынша қарыз өтілі бар азаматтарға бос жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қазіргі уақытта 30-дан астам Нұр-Сұлтан кәсіпорны аталған шараға қатысуға дайын екенін білдірді.

Жәрмеңкеге алимент бойынша борышкер, өздігінен жұмысқа орналаса алмай жүрген барлық азамат қатыса алады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да