5 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, дауыл тұрады, нөсер жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 25 м/с жел соғады. Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысында нөсер жауады. Түркістан облысында да 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Қызылорда облысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с, Ақтөбе облысында 17 м/с жел соғады, Маңғыстау облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында қатты ыстық болады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Қостанай облысында ауа температурасы түнде 2-10, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың салдарынан су тасқыны болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.       

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!