Мәдина Әбілқасымова теңге не себепті әлсірегенін айтты

5 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11.55-те қара алтынның баррелінің бағасы 61,56 доллар болған еді.

Бүгінде ұлттық валютаның еркін өзгермелі режимі шеңберінде айырбас бағамының белгілі бір қозғалысы болып жатыр. Бұл ең әуелі мұнай бағасының өзгеруіне байланысты. Соңғы аптада әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда тайталасының күшейіп жатқан кезінде әлем нарығында Brent мұнайының бағасы құлдырады. Мұнай бағасы 9 долларға төмендеді. Әлбетте, бұл көп дамушы нарықтың валютасына әсер етті, — деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс отырысының кулуарында.

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, қаржы регуляторы айырбас бағамы айтарлықтай құбылған кезде интервенция жүргізе алады.

Бағамды нығайту бағытына қарай да, әлсіреу бағытына қарай да түзетуге болады. Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Айтарлықтай құбылмалылық кезінде қандай да бір интервенция жасауға болады, — деді Мәдина Әбілқасымова.

Мәдина Әбілқасымова Еуразия экономикалық одағына мүше елдерде «алтын» бірыңғай валютасы енгізілуі мүмкін екені туралы қауесетті жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай мәселе Ұлттық банктің күн тәртібінде тұрған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Президент сайлауынан кейін теңге бағамы айтарлықтай өзгермейтінін мәлімдеген еді. Ол теңгенің нығаюына алғышарттар байқалып отырғанын да айтты. Айта кетейік, қазір айырбас пункттерінде 1 доллар 385 теңгеден сатылып жатыр.

ДереккөзTengrinews.kz