Ең алғашқы смайлдар 1982 жылы 19 қыркүйекте қолданысқа енгізілген. Оның авторы ағылшындық ғалым Скотт Эллиот Фалман. Оның смайликтерді ойлап табудағы мақсаты — өзі жұмыс істейтін Карнеги — Меллона университетінің хабарландырулар тақсатындағы жазбалардың қайсы әзіл, қайсы маңызды екенін білдіру болған екен.
19-Sep-82 11:44 Scott E Fahlman 🙂
From: Scott E Fahlman <Fahlman at Cmu-20c>
I propose that the following character sequence for joke markers:
🙂
Read it sideways. Actually, it is probably more economical to mark things that are NOT jokes, given current trends. For this, use
🙁
Бұл тұңғыш рет смайл қолданылған хат. Оны Скотт Эллиот жазған. Аударатын болсақ: «Әзіл жазбаларды ажырату үшін 🙂 белгісін қолдануды ұсынамын. Қырынан оқылады. Ал кейінгі кездегі экономикалық жағдай әзілге орын қалдырмай отырғандықтан мынандайды қолданыңыз 🙁 «,-деп жазылған. Бұл хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылған.
Қазіргі таңда смайлды қолдану кең тарап кетені соншалықты, олардың 100-ден астам түрі бар екен. Көп қолданылатыны — классикалық смайлдар. Ерекшелігі қырынан оқылуында. Бұл эмотикондар адамның эмоциясын, мимикасын,ымдауын, әрекеттері мен жағдайын, сонымен қатар әртүрлі персонаждарды білдіреді. Төменде классикалық смайлдардың бірнеше үлгісін көрсеттік.
| Эмоционалдық күлегештер | |
|---|---|
| Жазылуы | Эмоция немесе жағдай |
| 🙂 =) 🙂 |
күлімсірегендік, қуаныш |
| 🙁 =( {=»-( |
мұң, қайғы |
| 😐 | ойға түскендік немесе бейтараптылық |
| 😀 😀 |
күлкі |
| *О* *_* ** |
тамсанғандық |
| XD xD |
көзді жұмып күлгендік |
| :-C :C |
қатты қамыққандық, қынжылыс |
| :-/ :-\ |
наразылық, абдыраушылық немесе реніш |
| :-0 :O O: |
таңқалыс (ашық ауыз) |
| о_О oO o.O |
таңқалыс |
| :-e | көңілдің қайтқаны |
| 😯 =-O |
қатты таңқалыс (ашылған ауыз, бақырайған көздер) |
| :-[ ] | қатты таңқалыс (салбырап қалған жақ) |
| :-[ | абыржығандық, ұялғандық |
| %0 | жөн-жосықтан айырылғандық |
| >:-D | табалаушы күлкі |
| }:-> ]:-> |
арам, зымиян күлімдеушілік |
| :’-) :’-D |
қатты күлкі, шегі қатып күлу |
| D-: | ашу, ыза |
| Әрекеттер | |
| Жазылуы | Әрекет |
| 😉 😉 |
көз қысу |
| :-Q | темекі тарту |
| 😛 :-p :-Ъ |
тіл шығару |
| :-* | сүю |
| {} | құшақтау |
| :} | ынтықпен, құштарлылықпен сүю |
| :_( :~( :'( :*( |
жылау |
| :-@ | бақыру, айғайлау |
| :-X | сыр білдірмеу, үн қатпау |
| :-! | жеркену, лоқсу |
| Персонаждар | |
| Жазылуы | Персонаж |
| 😎 B-) |
көзілдірікті кісі |
| O:-) | періште |
| %) | жынды, есі ауысқан |
| :-E | вампир |
| :-F | бір азу тіссіз вампир |
| ::-) | мутант |
| [:] | робот |
| -=<:-) | сиқыршы |
| о-) О-) |
циклоп |
| :-][ | бассүйек |
| 😕 | түтік тартып жатқан кісі |
| Э:-) 3:-) |
елік, марал |
| *:O) | клоун, қылжақбас |
| :*) | мас немесе ұялғаннан қызарған |
| Басқалар | |
| Жазылуы | Сипаттамасы |
| <3 | жүрек |
| @>— @}~>~~@-‘-,’-,— |
гүл, раушан |
| [:|||:] [:]/\/\/\[:] [:]|||[:] |
баян |
| (.)(.) | әйел омырауы |
| >(///)< | кәмпит |
