Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Нұрсұлтан Назарбаевқа жуырда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы барысы мен Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы және әскерді қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімдеді.

Нұрлан Ермекбаев Алматы облысында өтіп жатқан «Айбалта-2019» ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы туралы да баяндады.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектановты қабылдаған еді. Мұрат Бектанов Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау жұмыстарын күшейту, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуал жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты.