Дариға Назарбаева педофилдерге өлім жазасын қолдайтынын айтты

Оның айтуынша, Қазақстанның халықаралық міндеттемелері өлім жазасына енгізілген мораториды алып тастауға кедергі болады екен. Ал, ана ретінде Дариға Назарбаеваның өзі педофилдердің өлім жазасына кесілуін қос қолдап қолдайтынын айтты.

«Мен ана ретінде өлім жазасын қос қолдап қолдаймын. Біз өз еркімізбен шешім қабылдай алмаймыз. Халықаралық міндеттемелер бар. Сол үшін біз бұндай заңды қабылдай алмауымыз әбден мүмкін», — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ сенатор педофилдерді мектеп ауласында және жасөспірімдер жүретін жерлерге заңмен жолатпау керектігін атап өтті.

«Біз бәріміз анамыз. Балалардың зорланып жатқанын естіп, бәріміз де уайымға берілеміз. Олардың туған-туыстарының да қандай күйде болатынын жақсы түсінеміз. Педофилдердің санасы сау емес. Оны медицина дәлелдеген. Түрмеден шыққан соң олар мемлекеттің қаржысынан емделеді», — дейді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың пленарлық отырысында Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып тағайындалды.

ДереккөзSN.KZ