Педофилдерге қатысты заң қалай өзгереді?

Бұған дейін қолданылып келген жаза

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қылмыстық Кодекске

Кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлау қылмысының жазасы  10 жылдан 15 жылға дейін, кішкентай балаларды зорлау қылмысына 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы күшіне енген болатын.

ҚР Бас прокуратураның хабарламасы бойынша, биылғы жылы кәмелет жасқа толмағандар мен кішкентай балаларды зорлау қылмысы үшін 26 адам алтыдан 20 жылға дейін сотталған:

2 адам – 20 жылға, 2 адам – 19 жылға, 1 адам – 18 жылға, 3 адам – 17 жылға,  6 адам – 16 жылға, 9 адам – 15 жылға, 1 адам – 11 жылға, 1 адам – 7 жылға, 1 адам – 7 жылға, 1 адам – 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ал кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жасалған осындай қылмыс бойынша 46 адам түрмеге отырған:

1 адам – 20 жылға, 1 адам – 18 жылға, 1 – адам 16 жылға, 1 адам – 15 жылға, 3 адам – 14 жылға, 3 адам – 13 жылға, 5 адам – 12 жылға, 18 адам – 11 жылға, 11 адам – 10 жылға, 1 адам — 8 жылға, 1 адам — 6 жылға сотталды. Бұлардың арасында 10 жылдан аз мерзімге сотталғандар кәмелет жасқа толмаған айыптылар, деп хабарлайды бас прокуратура.

Нәтижесінде биылғы жылы кәмелетке толмағандарды зорлау қылмысы шамамен екі есеге азайған – 148-ден 75-ке дейін. Дегенмен прокуратура жағдайды «күрделі» деп сипаттады.

Шетелдік заңдар жүйесінде…

Еуропаның көптеген елінде кәмелетке толма­ған балаларды зорлағандарды жазалау­дың «стерильдеу» немесе «химиялық кастрация» сияқты түрлері қолданылады. АҚШ-та 1990 жылдан бері мәжбүрлі түрде аталықсыздандыру туралы заң бар. Польша мен Чехияда мұндай қылмыскерлер түрмеде жазасын өтегеннен кейін міндетті түрде кастрациялық жолмен тарттырылады. Германияда, Францияда, Арменияда қылмыскерлер медициналық жолмен бекітілген емдеу әдістерінің бірін таңдап алуға міндетті. Оңтүстік Кореяда мұндай қылмыс жасағандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынған. Ал 13 жасқа дейінгі баланы зорлап, өлтірген қылмыскерлер бұл елде өлім жазасына кесіледі.

Сауд Арабиясы, Қытай, Иран, Ирак, Индонезия, Оңтүстік Корея, Латын Аме­рикасы мен Африканың көптеген ел­дерінде педофилия үшін бірден өлім жа­засына кеседі.

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда кәмелет жасқа толмағандарға сексуалдық сипатта зорлық көрсету айыбы бойынша сотталғандарды химиялық кастрация жасау (ер адамды еркектік қабілетінен айыру)  жазасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель: «Әрине, химиялық піштіруді енгізсек, бар пәленің тамырына балта шабамыз деп айта алмаймын. Дегенмен, шетелдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бұл жаза енгізілгеннен кейін әлемдегі педофилдердің 60 пайыздан астамы мұндай қылмысты жасамайды» дейді.

2016 жылдың мамыр айында Қазақстан билігі кәмелет жасқа толмағандарға сексуалдық зорлық жасағандардың онлайн-базасын жариялаған болатын. Еліміздегі әрбір азамат жасөспірімдерге қиянат жасағандардың бейнесін, аты-жөнін және мекен-жайын осы базадан  көре алады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ахан Бижановтың айтуы бойынша, химиялық кастрацияның барлығы соттың шешімімен жасалады. Содан кейін тиісті медициналық тексерулер болады. Осы мәселе жөнінде 1 жылға созылатын тиісті препараттар бар. Тиісті құқық, адами нәтижелер болады, — дейді Сенат депутаты.