Бердібек Сапарбаев ұлының қалай аудан әкімінің орынбасары болғанын айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұлының Астананың Есіл ауданы әкімінің орынбасары болуы жөнінде түсінік берді.

Қазақстан азаматы ретінде ұлымның Конституцияға сәйкес құқы бар. Бұл — оның таңдауы, ол — өзі шешім қабылдайтын адам. Бұл жерде менің қатысым жоқ. Менің ондай әдетім жоқ. Ол мемлекеттік қызметті таңдады, бәрі өзіне байланысты. Жақсы жұмыс істесе, қызметте өскені, — деді Бердібек Сапарбаев журналистерге.

Жансұлтан Сапарбаев
Жансұлтан Сапарбаев. Фото: Тengrinews.kz

Бұған дейін Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың Астананың Есіл ауданы әкімінің орынбасары болғаны хабарланған еді. Жансұлтан Сапарбаев 1991 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ құрылымдарында, Ұлттық экономика министрлігінде, Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданының әкімдігінде жұмыс істеген. Жаңа қызметке 14 наурызда тағайындалды. Ол ішкі саясат, әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік мәселелерін басқарады.

ДереккөзTengrinews.kz