Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялайды

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде Қазақстан халқына үндеу жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады.

Тоқаев партия басшыларымен кездестіФото: Аkorda.kz

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан Президенті Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, Премьер-министр Асқар Маминді, Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдаған еді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.