Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат, Мәжіліс, Үкімет пен Конституциялық кеңес басшыларын жинады

Президент Парламент Сенатының төрағасын, Үкімет басшысын, Конституциялық кеңестің төрағасын және Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасарын қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, Премьер-министр Асқар Маминді, Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасымен кездескен еді.