Хлор — ерекше тітіркендіргіш иісі бар сары-жасыл түсті газ. Ауадан шамамен 2,5 есе ауыр. Ол жердің төменгі қабатында, жертөледе жиналады, атмосфераның жерүсті қабатында қозғалады. Хлор бет терісінің шырышты қабығын, тынысалу жолдарын, көзді тітіркендіреді. Хлордың иісінен демалу қиындайды. Адам құрғақ жөтеліп, құсады, демігеді, көзінен жас ағады. Хлордың өткір иісі көп болса, адам өліп кетуі де мүмкін.

Үйді хлор иісі жайлағанда:

  • Әуелі газтұтқыш киіп алыңыз немесе аузыңыз бен мұрныңызға дымқыл шүберек байлаңыз. Аузыңызға 2% ас содасы бүркілген шүберек байлауға да болады.
  • Терезелерді, желкөзді (форточка), есікті, ауатазартқыш люктерді қымтаңыз. Терезелер мен шатырасты желдеткіш люктерді сөндіріңіз, басқа да тесіктерді бітеңіз. Кезең-кезеңмен бөлмеге су себіңіз.
  • Қыздырғыш және суытқыш жүйелерді сөндіріңіз. Газды жабыңыз.
  • Радио мен теледидарды қосыңыз, хабарландыруды тыңдаңыз. Қауіп жөнінде көршілеріңізге хабарлаңыз.
  • Хабарламадан апаттың орнын және улы газдың таралу бағытын анықтап алыңыз.
  • Үйде дәрі қобдишасы міндетті түрде болуы керек. Онда бор мен лимон қышқылының, альбуцид, зәйтүн және шабдалы майының барын тексеріңіз. Үйден шығар кезде өзіңізбен бірге дәрі қобдишасы мен ауызсу алыңыз. Сонымен қатар үйіңізде тынысалу мүшелері мен теріні қорғайтын құралдар дайын тұрғаны дұрыс.
  • Тез арада хлор таралып жатқан орыннан желдің перпендикуляр бағыты бойынша шығыңыз. Ең қауіпсіз орын — биік ғимараттардың үстіңгі қабаты. Қажет болған жағдайда жақын жердегі қорғаныс ғимаратын паналауға болады.