Басты бетЖаңалықтарЕлбасы кеңсесін...

Елбасы кеңсесін құруға 1 миллиард теңге жұмсалады

Елбасы кеңсесін жасауға 1 миллиард теңге қажет болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысының кулуарында айтты.

Татьяна Савельеваның айтуынша, Сенат шеңберінде 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке үш бағыт бойынша түзету енгізіледі. Олар Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне, жалақының 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап өсуіне және Елбасы кеңсесінің құрылуына байланысты.

Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне келсек, ол — заң мәтіні мен оның артық қаражатты талап етпейтін қосымшасы бойынша техникалық түзетулер. Шығындардың көбеюі көп жағдайда жалақының 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап өсуіне байланысты. Бір айға 37 миллиард теңге сомасында қосымша шығын қажет болады. Қалған ақша — жаңа мемлекеттік органды құру. Ол тіркеліп қойды — Елбасы кеңсесі, — деді Татьяна Савельева.

Журналистердің «Елбасы кеңсесін жасауға бюджеттің 1 миллиард теңгесі жұмсала ма?» деген сауалына вице-министр «Иә» деп жауап берді. Ол Астана атауының өзгеруіне байланысты бюджеттен қосымша қаржы жұмсалмайтынын қайталап айтты.

ДереккөзZakon.kz