Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысының Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында ежелгі достар өздерінің естеліктерін айтып, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен де танысты. Нысан салынып бітуге таяған.
Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар болады.
Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынып жатыр, — делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Шамалған ауылы тұрғындарымен кездескені хабарланған еді.