Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Тұңғыш Президент — Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі әрі Елбасы кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кеңесшісі — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, — делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімінде.

Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда туған. 1994 жылы Қазақ басқару мемлекеттік академиясын, 2001 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия академиясын тәмамдаған.

1994-2008 жылдары еліміздің сыртқы саясат ведомствосында, Қазақстанның Үндістан, Әзірбайжан, Сингапур елдеріндегі елшіліктерінде қызмет етті. 2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2016 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-уәкіл, ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2016 жылдың мамырынан бері Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.