ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістанды диалогқа үндеді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Үндістанның әскери-әуе күштерінің Кашмирдегі террористер лагеріне соққы жасағаны туралы хабар тараған еді. Бұған жауап ретінде Пәкістан әскері Үндістанның 2 әскери ұшағын атып түсірді, Пәкістан тарапы Үндістан Кашмирдегі «бақылау желісін» бұзды деп есептейді. Үндістан тарапының мәлімдеуінше, Пәкістан билігі мұнда орналасқан террористерге қолдау көрсетіп отыр. Айта кетейік, Кашмир Үндістан мен Пәкістанның шекарасындағы даулы аумақта тұр.