Қазақстан FIFA рейтингінде тағы 13 сатыға жоғарылады

Мұндай жоғары нәтижеге ұлттық құрамамыздың жуырда ғана Польшамен болған тең ойыны әсер еткен. 2018 жылғы әлем чемпионатының алғашқы іріктеу ойыны Астанада 4 қыркүйекте өткен болатын. Талғат Байсуфинов шәкірттері поляк футболшыларынан 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, екінші таймда таразы басын теңестірген.

Осынау тең нәтиже Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингінде 13 сатыға жоғарылап, 83-ші орынға тұрақтауына мүмкіндік берді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

ДереккөзSkifNews.kz