Басты бетЖаңалықтарАстана атауын...

Астана атауын өзгертуге қосымша қаржы жұмсала ма?

Премьер-министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов ел астанасы атауын өзгертуге қажет болатын қаражат көзі туралы айтты.

Мемлекеттік органдар туралы айтсақ, Нұр-Сұлтан аумағында орналасқан ғимараттардағы жақтаушаларды ауыстыруға қаражат қажет болады, ол мемлекеттік органдарды жыл сайынғы қаржыландыру шеңберінде іске асырылады. Бланк өнімдеріне келсек, мемлекеттік органдарымыз электрон құжат айналымына көшті, сондықтан бланктерді басып шығаруға айтарлықтай шығын жұмсалмайды. Бұл шығындар әдепкі жұмсалатын қаражат шеңберінде іске асырылады, — деді Әлихан Смайылов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Ол қаланың жаңа атауына байланысты норматив-құқықтық актілерді өзгертуге қосымша шығындар қажет болмайтынын айтты.

Жақтаушаларға келсек, жергілікті атқарушы органдар сілтемелерін ауыстыру бюджеттің қазіргі толықтырылуына байланысты жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылады. Мен кеше қала әкімімен сөйлестім. Тұтас алғанда, ескірген жақтаушалар мен сілтемелерді ауыстыруға жыл сайын жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге қарастырылады. Қандай да бір қосымша қаражат бөлу жоспарланып отырған жоқ, — деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілген еді.

ДереккөзTengrinews.kz