«Жаңа шаһарға лайық есім»

Ұлықбек Есдәулет
Ұлықбек Есдәулет

Ол — ел дамуының жарқын үлгісі мен оның нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге бара білді. Барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық үдерістерді қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының әрбір жолдау мақаласы, өз кезегінде, ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудың маңыздылығын алға тартты.

Сондай-ақ жедел өзгеріп отырған дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылу және рухани жағынан серпілу керектігін де Н.Ә.Назарбаев әрқашан басты назарда ұстады. 30 жылға жуық уақытта Тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, елдің еңсесін көтеріп, айбынын асқақтататын Астана қаласын әлем білетін елордаға айналдырды. Айтулы қалада қаншама стратегиялық шешімдер қабылданып, іргелі еңбектер жүзеге асырылды. Бүгінгі жеткен жетістігіміз де тікелей Тұңғыш президентімізге қатысты. Елбасының кеше ғана жасаған тарихи мәлімдемесі көрегендік пен кемеңгерліктің нәтижесі деп білемін. Елдің ертеңін ойлайтын, санасы сергек, ұлтты болашаққа бағыттай алатын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты президенттікке ұсынуында да бірінші кезекте халықты, келешек ұрпақты ойлау мүддесі тұрғандығы анық.

Елбасымыздың өзі бас сәулетшісі болған Астана қаласына Нұр-Сұлтан аты берілу жөніндегі шешімді өз тарапымнан толықтай қолдаймын!

Ұлықбек Есдәулет,
Қазақстан Жазушылар одағының 
басқармасы төрағасы