Басты бетЖаңалықтарПрезидент жарлығымен...

Президент жарлығымен Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы Астананы Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, —  делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.

Еске салайық, Үкімет Президентке Астана атауын өзгерту мақсатында Конституцияға түзету енгізу үшін республикалық референдум өткізуді ұсынған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын өзгерту туралы ұсынысты Парламенттің референдумсыз қарауына жіберді. Конституциялық кеңес бұл шешімді қолдады. Парламент Астананы Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешімге Астана мәслихаты да қарсы болған жоқ.

Ең әуелі Астанаға Тұңғыш Президент есімін беруді 20 наурыз күні Қазақстанның екінші Президенті ретінде салтанатты жағдайда қызметке кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.