Президент кеңсесі мен Президент Іс басқармасына басшы тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент кеңсесінің башсысы мен Президенттің Іс басқарушысын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Онжанов Президент кеңсесінің бастығы болып тағайындалды.

Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаев шығарған жарлықта.

Президенттің Іс басқарушысы болып Ерлан Баттақов тағайындалды, ол бұған дейін Іс басқарушы міндетін атқарушы болған еді.

Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын, — делінген жарлықта.