Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент болуымен құттықтады

Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Владимир Путин Ресейде Қасым-Жомарт Тоқаевты көпшілік қос мемлекет арасында стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастардың нығаюына және Еуразия кеңістігінде өзара тиімді интеграция процестерінің ілгерілеуіне жеке зор үлес қосқан тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде танитынын айтқан.

Бірлескен күш салуымыздың арқасында біз барлық салада Ресей-Қазақстан сындарлы ынтымақтастығын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде әріптестік сипаттағы өзара іс-әрекетімізді одан әрі арттыруды қамтамасыз ете береміз деп сенемін. Бұл біздің бауырлас халықтарымыздың мүддесіне және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту арнасына сөзсіз сай келеді, — делінген Владимир Путиннің жеделхатында.

Еске салайық, 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде қызметіне кірісті.