Полюс күні дегеніміз не?
Солтүстік полюсте 19 наурыздан 25 қыркүйекке дейінгі аралықта полюс күні (немесе поляр күн, оқулықтарда «полярлы күн» деп те жазылады) болады. Поляр күн кезінде Солтүстік полюс аймағында Күн 24 сағат бойы көкжиекке батпайды. Түні жарық болады. Бұл кезең шамамен 190 күнге созылады, содан кейін поляр түн басталады.
Мұндай күндер күзге дейін Оңтүстік полюсте болды. Енді ол құбылыс 2019 жылдың 21 қыркүйегінен 2020 жылдың 23 наурызына дейінгі аралықта қайталанады.
Қараңғы түспейтін күндердің физикалық анықтамасы
Жер Күнді өз орбитасымен айналады. Онымен қоса, Жер өз осінен 23°26′ бұрышқа еңкейген күйінде айналады. Осының әсерінен Жер шарының жартысына 6 ай бойы Күн сәулесі түседі, екінші бөлігінде Күн көрінбейді.
Солтүстік полюсте елді мекендердің географиялық орналасуына байланысты поляр күннің ұзақтығы әртүрлі болады.
Солтүстік полюстегі поляр күн байқалатын елді мекендер
Норвегия: Алта, Киркенес, Лонгийр,Тромсё.
Швеция: Кируна.
Ресей: Апатит, Билибино, Верхоянск, Воркута, Инта, Гаджиево, Дудинка, Заозёрск, Заполярный, Игарка, Кандалакша, Кировск, Ковдор, Кола, Лабытнанги, Мончегорск, Мурманск, Мезень, Нарьян-Мар, Жаңа Уренгой, Норильск, Оленегорск, Островной, Певек, Полярные Зори, Полярный, Салехард, Североморск, Снежногорск, Среднеколымск, Тикси, Усинск.
Поляр күн және адам ағзасы
24 сағат бойы күннің жарық болуы адам ағзасына кері әсер етуі мүмкін. Тәулік уақытын реттейтін, айналадағы жарық дәрежесі жайында миға сигнал беретін мелатонин гормоны сағат 00.00-05.00 аралығында — қараңғы кезде ғана қарқынды жұмыс істейді. Поляр күн кезінде бұл гормонның қызметі нашарлайды. Сол себепті ұйықтар алдында бөлмені қараңғылап қою қажет.
Ұйқы гормонының дұрыс бөлінбеуінен адам әлсіреп, ағзасы тез қартаяды. Сол үшін 8 сағаттық ұйқы режимін сақтап, қан қысымын реттеп отыру қажет.
Полюс аймағында ораза күндерін қалай өткізу керек?
Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар Күннің шыққан уақытынан кеш батқанға дейін ораза ұстайды. Ал ораза айы полюс аймағында қараңғы түспейтін күндерге сәйкес келгенде не істеу керек? Ресейдің Солтүстік полюс аймағына кіретін елді мекендеріндегі мұсылман бірлестіктерінің басшылары бұған қатысты арнайы пәтуа шығарған. Имамдардың айтуынша, ораза кестесі полюс аймағына жақын, күн мен түн қалыпты ауысып отыратын елді мекендер уақытымен белгіленуі керек. Климаты, географиялық жағдайы ұқсас болғандықтан жақын аймақтан бағдар алған сенімдірек.
Интернеттегі ашық дереккөздер бойынша әзірлеген
Ұлдана Сағынтаева