Батыс пен шығыста күн жауын-шашынды болады

18 наурызда Қазақстанның батысы мен шығысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Қызылорда облысында  тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде 15-23 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді.

Атырау, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында күн тұманды болады. Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында 15-23 м/с жел соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.