Синоптиктер: 11 наурызда күн жауын-шашынды әрі тұманды болады

11 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметіне қарағанда жауын-шашын түседі, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жаңбыр жауады. Өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте боран соғады.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Ақмола, Қостанай облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Алматы облысында да тұман түседі, екпіні секундына 25 метрге жететін жел соғады. Жамбыл облысында да тұман түседі, 15-20 метр/секунд жел соғады. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 метр/секунд жел соғады. Атырау облысында да 15-20 метр/секунд жел соғады, тұман түседі. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн тұманды болады.

Ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Еліміздің ірі қалаларында ауа температурасы мына шамада болады:

Астана

0-2 градус аяз

Алматы 

8-10 градус жылы

Шымкент

15-17 градус жылы

Көкшетау

1-3 градус аяз

Ақтөбе

3-5 градус жылы

Ақтау

11-13 градус жылы

Талдықорған

7-9 градус жылы

Атырау

9-11 градус жылы

Қарағанды

1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін

Павлодар

1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін

Петропавл

0-2 градус жылы

Қызылорда

11-13 градус жылы

Орал 

2-4 градус жылы

Өскемен

1-3 градус жылы

Тараз

10-12 градус жылы

Қостанай

0-2 градус жылы

Түркістан

17-19 градус жылы.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері наурыз айында ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.