Сенат Ұлттық банк басшысы қызметіне Ерболат Досаевтың кандидатурасын қолдады

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың отставкасын қабыл алды. Ал Конституцияға сәйкес Ұлттық банк төрағасының кандидатурасына келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк төрағасы лауазымына кандидатты келісу үшін келдім. Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде Ерболат Досаевты ұсынып отыр. Ол қызмет еткен жылдары өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете білді. Мен сіздерден келісім беруді сұраймын, — деді ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев.

Палата депутаттары Ерболат Досаевтың кандидатурасына бірауыздан қолдады.

ДереккөзInform.kz