Нұрсұлтан Назарбаев алда келе жатқан сайлаулар туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне алда келе жатқан президент сайлауы туралы айтты.

Біз қол қусырып қарап отырмай, жұмыс істеуіміз керек. Әр облыста, әр қала мен ауданда филиалымыз бар. Егер босқа отырып, біз партияның мүшесіміз десеңіздер, одан жақсы партия бола алмаймыз. Алда бізді парламент сайлауы, президент сайлауы күтіп тұр. Олардан өту үшін біз халықтың сеніміне ие болуымыз керек, — деді Нұрсұлтан Назарбаев партияның XVIII съезінде.

Кезектен тыс президент сайлауы Қазақстанда 2020 жылы өтуі керек.

Міндеттер қойылды, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен көпбалалыларды қолдаудың жәрдемақы, баспана, коммуналдық шаруашылық бойынша нақты цифрлары айтылды, бұл партияның беделін арттырады деп ойлаймын, — деді Президент.

Президент «Нұр Отан» Парламентті қалыптастыратын партия екенін айтты, ал Парламент Үкіметті қалыптастырады.

Парламентпен және Үкіметпен бірге біз барлық қабылданған шешімге жауап береміз. Халықтың арман-тілегін түсінгендіктен маған Үкіметті ауыстыруға тура келді. Жаңа адамдар келді. Тәжірибелі, істі білетін, білімді адамдар келді деп ойлаймын, олар экономиканы алға сүйрейді, атқарушы билік бұрынғыдан да нақты әрі жауапты жұмыс істейді, — деді Президент.

Еске салайық, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі өтті. Оған 2000-ға жуық адам қатысты. Съезде партияның 20 жыл ішіндегі жұмысы қорытындыланып, 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламаның негізгі міндеттері анықталды.

ДереккөзTengrinews.kz