Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды

Таразда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Осы төтенше оқиғаға байланысты ҚР Президентінің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 ақпанда сағат 06.21-де Тараздағы 9-ықшамауданның 62-үйінің 1-3-қабаттары құлаған. Алдын-ала мәлімет бойынша үйдің 2-қабатындағы 46-пәтерде жарылыс болған.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, үйдің барлық тұрғыны толық көшірілді. Үйінді астынан 8 адам шығарылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр, — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Тараздағы төтенше жағдай туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Таразға оқиға орнына ұшып кетті.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №41 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеп жатыр.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің алдын ала мәліметі бойынша жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан болған.

Соңғы мәлімет бойынша қаза тапқандардың қатары тағы бір адамға көбейді. 

View this post on Instagram

Видео с места взрыва в жилом доме Тараза. Взрыв прогремел в пятиэтажном жилом доме в Таразе ранним утром среды. Эпицентром стала квартира на втором этаже. Рухнули перекрытия с первого по третий этаж. Предварительной причиной взрыва названо неосторожное обращение с газовым оборудованием. Число погибших увеличилось до трех человек. Нурсултан Назарбаев выразил соболезнования семьям пострадавших.

A post shared by Zakon.kz — Новости Казахстана (@zakon.kz) on

Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды, +7 7262 51 35 75 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр.