Басты бетЖаңалықтарРуслан Дәленов...

Руслан Дәленов БАҚ өкілдеріне құрметпен қарайтынын айтты

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жуырда вице-министр Серік Жұманғаринге қатысты болған келеңсіз оқиға жөнінде түсінік берді.

— Ол кешірім сұрады. Ол, әрине, іштей уайымдап жүр, — деді ол.

Руслан Дәленов мемлекеттік қызметшінің әрбір теріс сөзі мен әрекетіне жол берілмеуі керек деп есептейді.

— Біз бұған жол бермеуіміз керек. Министрлігімізде тиісті түсіндіру жұмысын жүргіздік. Мұндай жұмыс барлық мемлекеттік органға қажет деп санаймын, — деді Ұлттық экономика министрі.

Руслан Дәленов халық мүддесі үшін кез келген сұрақ қоятын ақпарат құралдарының өкілдеріне құрметпен қарайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің журналиске «Жынымды келтірмеңізші» деп ұрсып тастағаны түсірілген видео тараған еді. Вице-министрге журналистің тариф жөнінде сұрақ қойғаны ұнамаған. Оның айтуынша, сол кезде басқа тақырыптағы шара болып жатқан.

ДереккөзZakon.kz