20 ақпанда Қазақстанда тағы да ауа райы құбылмалы болады.

«Қазгидрометттің» мәліметінше, жауын-шашын жауады, оңтүстікте жауын-шашын мол түседі. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 25 м/с жел соғады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Ақтөбе облысында да екпіні 18 м/с-ке жететін жел мен жаяу бұрқасын соғады.

Алматы облысында жел екпіні 18-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысында және Астанада тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен күшті желге байланысты, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Астанада қардың еруіне байланысты, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкентте толассыз жауын-шашынға байланысты, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, көктайғақ пен күшті желге байланысты ескерту жарияланды.

20 ақпан күні Астанада сынап бағанасы 3-5 градус аязды, Алматыда 5-7 градус жылыны, Шымкентте 6-8 градус жылыны көрсетеді.