Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бір орынбасары қызметінен босады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алексей Владимирович Цой басқа жұмысқа ауысына байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметіне тура екі жыл бұрын — 2017 жылдың 17 ақпанында тағайындалған еді.