Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиада ойындарында екінші медальға қол жеткізді

Қойшыбаева 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 113 келі нәтижемен «күміс» иеленді.

Бұл салмақта әлем рекордын орнатқан қытайлық Тан Юяо (135 келі) Паралимпиада чемпионы атанса, «қола» мысырлық Махмұд Амалға (108 келі) бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Риодағы Паралимпиаданың алғашқы алтын медалін отандасымыз Зүлфия Габидуллина жеңіп алды. Ол 100 метрлік еркін жүзуден әлем рекордын жаңартты.