Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астаналықтар өрттен қаза тапқан бес баламен қоштасты

Youtube-тегі видео скриншоты

Астана тұрғындары «Көктал-1» тұрғын үй алабындағы өрттен қаза тапқан бес баланың сүйегін жер қойнына тапсырды.

Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға халық көп жиналды. Көпшілік алдына имам шығып, жаназа оқыды.

https://www.facebook.com/RadioAzattyq/videos/285340322145785/

4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үй өртенді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес қыз бала қайтыс болды. Балалардың ата-анасы бұл кезде жұмыста болған. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл жиын өткізіп, өрттің мән-жайын анықтауды тапсырды.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ірі төтенше оқиға қайталанбауы үшін Ішкі істер министріне және облыс әкімдеріне тапсырма берді.

Мақалаға реакция