Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші тараптың адвокаты 1 ақпан күні тағы бір шағым түсірді. Шағымдардың мазмұны әзірше беймәлім.
Еске салайық, Денис Тен ісі бойынша сотталушыларға 17 қаңтар күні сот үкімімен жаза кесілген еді. Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов кінәлі деп танылып, оларға қауіпсіздігі жоғары мекемеде 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Жанар Толыбаева да кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда қаза тапты. Тергеудің мәліметінше, спортшы автокөлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның әрекетінің үстінен түскен. Көліктен айнаны Арман Құдайбергенов ағытқан, Денис Тен оны қуып жетіп төбелесе бастағанда Нұралы Қиясов спортшыға екі рет пышақ салады. Жанар Толыбаева бұл кезде автокөліктен 7 метр жерде тұрған. Денис Тен ауруханада қайтыс болды.