4 ақпан күнгі ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК мамандарының болжауынша, тек республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарында бұрқасын соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман, Маңғыстау облысында көктайғақ, Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетеді.