Нұрсұлтан Назарбаев

“Еңбек мобилділігі бойынша – жұмыс беруші мен жұмысшының бір-бірін табуына көмектесу керек. Осы ретте біз “Серпін” бағдарламасын қарастырып отырмыз. Ол халқы тығыз орналасқан аудандардағы жастардың оқуына, кадр жетіспей жатқан аймақтарда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді”, – деді Назарбаев.

Президенттің сөзінше, қазіргі таңда жоба аясында 12,5 мың жас маман оқу мекемелерінде дайындықтан өтіп жатыр. Сонымен қатар, 20 мың адам “Жол картасы-2020” аясында жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға жіберілген.

Мемлекет басшысы, оңтүстік аймақтарда жұмыссыз жастар көп екенін, ал солтүстікте жұмыс күші аз екенін жеткізді. Тіпті кәсіптік-техникалық оқу ордаларының тең жартысы бос деуге болады. Сол себепті оңтүстіктегі жастарды солтүстікке апарып, мемлекет есебінен оқу, жұмыспен қамтамасыз етіп, жастар жаңа аймақтағы өмірге бейімделіп кетуі тиіс. Президенттің бұл мәселенің көпқырлы сұрақ екенін де атап өтті.

“Бұл өте маңызды жұмыс. Аймақтар бастама көтеруі тиіс. Бұл жұмысты үкімет пен әкімдік үнемі бақылауда ұстауы керек. Біз барлығы үшін кәсіптік-техникалық білімді тегін береміз. Бұл өте маңызды идеологиялық және экономикалық шаруа. Барлығымыз осы іспен айналысайық”, – деді президент.

3 пікір

  1. Жедел жүргізілуі тиіс. Тек жастар ғана емес, барғысы келетін жұмыс істегісі келетін орта жастағыларды да тарту қажет

  2. Оңтүстіктің ( Шымкенттің) жастарын Петропавловск, Павлодарға жіберу керек солжақтарға жіберу керек. Арқалық толып болды 90% студент Шымкенттен. Сол Орыстар көп тұратын, орыс тілінде сөйлейтін жерлерге жіберу керек . Оңтүстіктің жастарын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!