Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Назарбаев Кәрім Мәсімовтың премьер-министрліктен кету себебін түсіндірді

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Yenicag.ru

Кеше премьер-министр Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал, Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болды.

«Үкiметте болып жатқан өзгерiстердi естiп-бiлiп отырсыздар. Оның өзiнiң логикасы бар. Бiрiншiден, қауiпсiздiкті күшейту, нығайту, деңгейiн көтеру мәселесi бар. Одан кейiн Кәрiм Мәсiмов өзiнiң келiсiмiмен қажеттi жерге барып отыр. Бұл қазiр өте қажеттi болып тұрғанын көрiп отырсыздар. Терроризм, басқа жағы да бар. Тәжiрибесi бар, республиканың жағдайын бiледi деп қойдым», — дейдi Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Премьер-министрдiң босатылуына байланысты Үкiмет қазiр отставкаға кеттi.

«Көп созбай, бәрiн шешеміз. Жаңа басшылар, жаңа министрлер болады. Онша көп өзгерiс бола қоймас деп санаймын. Себебi, Үкiмет өз жұмысын қиын-қыстау жағдайда орындап отыр. Бүгiн жылдың аяғына дейiн не iстейтiнiмiздi келiсiп алайық», — дейдi Елбасы.

Мақалаға реакция

4 Пікір

  1. Г
    Гани 10 жыл бұрын
    Раз Президент так решил на то были причины
  2. Ш
    Шынболат 10 жыл бұрын
    "Ауыс-түйіс" дейтіндей жәй дүние емес қой, Елдің қауіпсіздігі Мәсімовтің қолына көшті. Елбасымыз мұны дұрыс деп шешсе, бір білген бар болар.
  3. А
    Арман 10 жыл бұрын
    Қаншама жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтің сеніміне кірді. Осы жұмыстыда өз еңсесісен атқарып өтеді.
  4. Л
    Лаура 10 жыл бұрын
    Елбасы дұрыс деп шешсе, дұрыс қадам осы болар. Шыдамдылық танытып, елдің жағдайы ілгерілесін, құтты қадамды болсын деп дұға етеміз.