Головкинге алтыннан мүсін қойылуы мүмкін

Бұл идея спортшының жанкүйерлеріне тиесілі екендігін bnew.kz хабарлайды. Кәсіпқой боксшының туған жеріндегі достары көп болғандықтан, олар «алтын» мүсін жасау идеясын ұсынған.

Жобаны әзірлеп жатқан мүсінші Гамал Сагиденовтың айтуы бойынша, мүсін бір ай көлемінде дайын болуы мүмкін. Мүсіннің өзі адам бойынан бір жарым есе биік болады және алтын жалатылған бояумен боялады. Тұғырын граниттен соғып, жан-жағын абаттандыру жоспары да бар. Тапсырыс шығынына жанкүйерлердің өздері қаражат жинап жатыр.

Егер идея қолдау тауып, жергілікті билік органдары бекітсе, онда мүсін «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің алдындағы алаңға қойылады.

Дереккөзbnews.kz